«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде: 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректері негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не тапсырыс берушінің әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.»; 7-тармақ алынып тасталсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|