Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді; 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|