ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: пайдаланушы сертификатын беру - күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде; пайдаланушы сертификатының телнұсқасын беру - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - пайдаланушының сертификаты (сертификат телнұсқасы). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және/немесе электрондық түрде. Пайдаланушы сертификатын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді. Көрсетілетін қызметті алушы порталда пайдаланушы сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|