ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2014 жылғы 27 сәуірдегі № 102 бұйрығына 2-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде құрылымдық
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылдар) бастауға негiздеме Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы қосылған көрсетiлетiн қызмет алушының өтiнiшi не электронды сұрау салуы болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 1-рәсiм - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесiнiң маманы құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жiбередi; 2-рәсiм - көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар жазады және құжаттарды басқармасының басшысына қарауға жiбередi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|