ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 245 бұйрығына 3-қосымша
«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы 1996 жылдың 15 шілдедегі» Заңының 18-1-бабының негізінде, сондай-ақ «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметі стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) және «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелері ХҚКО және Портал арқылы жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету түрлері: электронды түрде (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі - техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді электронды және (немесе) қағаз жүзінде жауапты беру болып саналады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|