|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 254-бап мынадай редакцияда жазылсын: «254-бап. Тәркілеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мүлiк меншiк иесiнен әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен өтеусіз алып қойылуы (тәркiленуі) мүмкiн.»; 2) 324-баптың 2-тармағындағы «қылмыс iстегенi үшiн немесе өзге де құқық бұзғаны үшiн жазалау» деген сөздер «әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24,134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат): 1) 839-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.»; 2) 843-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса;». 3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат): 1) 80-баптың үшінші бөлігіндегі «352, 353» деген цифрлар «420 және 421» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 188-баптың төртінші бөлігіндегі «353» деген цифрлар «421» деген цифрлармен ауыстырылсын; 3) 236-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Тарапы мемлекет болып табылатын мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залал өндіріп алынған, алименттер өндіріп алынған, мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айырылуымен келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.»; 4) 241-3-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «соттың шешiм шығаруы сот үкiмiмен белгіленген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде мүмкiн болғандығының дәлелдемелерiн табыс етсе, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады;»; 5) 253-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процеске басқа да қатысушылардың, лауазымды немесе өзге де адамның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапса, ол бұл туралы прокурорға хабарлайды.»; 6) 302-баптың бірінші бөлігіндегі «есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 303-баптың бірінші бөлігіндегі «есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат): 95-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.». 5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 319-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады.». 6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5,23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар): 1) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметіне: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарының негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдар жіберілмейді.»; 2) 159-баптың 3-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;»; 3) 303-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.»; 4) 322-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шегуші қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;». 7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23- 24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат): 145-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайларда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдарға береді.». 8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат, № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.»; 2) 46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiмен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын есепке жазуды немесе қайта қарауды салық қызметi органы соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмi шегiнде жүргiзедi.»; 3) 115-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша шығыстар;»; 4) 257-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша;»; 5) 541-баптың 6) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «6) талапкерлер - қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;»; «19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын заңсыз қолдану не қамаққа алу түрінде заңсыз әкімшілік жаза қолдану арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;»; 6) 557-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтық құқық бұзушылықтар жасайтын адамдардың салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сұрау салулар бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша оларды қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; 2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы істерді қарау барысында сотқа;»; 7) 569-баптың 3-тармағында: 4) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 216, 238 және 240-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;»; 5) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 216, 238 және 240-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;»; 8) 627-бапта: 5-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;»; 9-тармақтың 2) тармақшасының он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;»; 12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша және (немесе) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, мұндай операциялар және (немесе) әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңінде осы мәселелер бойынша салықтық тексерулер салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілгенге және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жүргізілмейді.»; 9) 632-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау;»; 10) 638-баптың 9-тармағының екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бұзудың» деген сөз алып тасталып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) егер салық қызметi органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.». 9. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 99-бапта: 4-тармақтағы «алуға» деген сөз «пайдалануға» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Қазақстан Республикасынан жыныстық жасушаларды, адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда әкетуге жол берілмейді.»; 2) 130-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.»; 3) 165-баптың 3-тармағындағы «психотроптық заттар» деген сөздер «психотроптық заттарды, сол тектестер» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |