Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбір мемлекеттік мекемелерiн құру, тарату және қайта атау туралы Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 7 шiлдедегi № 418 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мынадай мемлекеттік мекемелерi құрылсын: 1) 17208 әскери бөлiмi; 2) 15855 әскери бөлiмi; 3) 33238 әскери бөлiмi; 4) 44580 әскери бөлiмi; 5) 47558 әскери бөлiмi; 6) 20015 әскери бөлiмi; 7) 38070 әскери бөлiмi; 8) 65155 әскери бөлiмi; 9) 68665 әскери бөлiмi; 10) 906 өлшеу техникасының базасы. 2. Мынадай мемлекеттік мекемелер таратылсын: 1) 25717 әскери бөлiмi; 2) 07792 әскери бөлiмi; 3) 71618 әскери бөлiмi; 4) 75515 әскери бөлiмi; 5) 12394 әскери бөлiмi; 6) 30112 әскери бөлiмi; 7) 01954 әскери бөлiмi; 8) 63043 әскери бөлiмi; 9) 01287 әскери бөлiмi; 10) 02958 әскери бөлiмi; 11) 02163 әскери бөлiмi; 12) 03856 әскери бөлiмi; 13) 11478 әскери бөлiмi. 3. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Орталық әскери клиникалық госпиталi, Астана қаласы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң «Бас әскери клиникалық госпиталi» мемлекеттік мекемесi; 2) «Орталық әскери клиникалық госпиталь, Алматы қаласы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң «Әскери клиникалық госпиталi» мемлекеттік мекемесi; 3) «Әскери емхана» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Бас әскери емханасы» мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия). 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекiтсiн; 2) жаңадан құрылған мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тiркелуiн және қайта аталғандарының қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
|