ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті көрсетеді: 1) мыналарды: құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдіре отырып, магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісін); ағаш өңдеуді; тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін; жануарлар өнімдерін өңдеуді; тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді; ауыл шаруашылығы объектілерін; санитариялық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілерді; жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелер фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизация және дезинсекция өндірістерін; кең таралғандары мен Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзеге асырылатындарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауды қоспағанда, кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы; 2) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарының жобалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|