Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық одақ сотының статуты
І ТАРАУ. Жалпы ережелер.
1. Еуразиялық экономикалық одақ соты (бұдан әрі - Сот) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) сот органы болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) пен осы Статутқа сәйкес құрылады және әрекет етеді. 2. Сот қызметінің мақсаты осы Статуттың ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарын және Одақ органдарының шешімдерін бірдей қолдануын қамтамасыз ету болып табылады. Осы Статуттың мақсаттары үшін Одақ органдары ретінде Сотты қоспағанда Одақ органдары ұғынылады. 3. Сот заңды тұлға құқықтарын пайдаланады. 4. Сот өз құжаттамасын жүргізеді, өз атауы жазылған мөрі мен бланкілері болады, өзінің ресми интернет сайтын және ресми бюллетенін құрады. 5. Сот Сот қызметін қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлейді және Одақ бюджеті туралы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатқа иелік етеді. 6. Сот судьяларына, лауазымды тұлғалары мен мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.
7. Сот құрамына әр мүше мемлекеттен екі судьядан кіреді. 8. Судьяның өкілеттік мерзімі - он жыл. 9. Судьялар жоғары моральдық қасиетке ие болуы және халықаралық және мемлекетішілік құқық саласында біліктілігі жоғары мамандар болуы, сондай-ақ, әдетте, мүше мемлекеттердің жоғары сот органдары судьяларына қойылатын талаптарға сай келуі тиіс. 10. Судьяларды мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымға тағайындайды. Лауазымға кіріскен кезде Судья ант қабылдайды. 11. Судьяларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымнан босатады. 12. Судьяның өкілеттілігі мынадай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін: 1) Сот қызметін тоқтату; 2) судьяның өкілеттік мерзімінің аяқталуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|