ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығына 2-қосымша
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №544 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) жоғары оқу орнының деканат қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді; 2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады; 3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|