ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығына 3-қосымша
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беру.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) Ғылыми кеңес хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді; 2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең - ЖОО-дағы конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат ресімдейді, және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|