ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығына 6-қосымша
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беруге грант тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі - құжаттар топтамасы). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі - ЖОО қабылдау комиссиясының) хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді - 15 минуттан аспайды; 2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО) жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|