ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 18-03/680 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 239-ө бұйрығына 6-қосымша
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында сатуға арналған марканы бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған қағаз жеткізгіштегі марканы беру.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі - өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|