Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті туралы ереже
1. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті (бұдан әрі - Департамент) ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) тіл және ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді. 1) Тіл басқармасынан; 2) Баспасөз қызметі басқармасынан тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: тіл саясаты саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, сондай-ақ ІІО-да мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Функциялары: 1) ІІМ-нің орталық аппаратында, оның аумақтық және көліктегі бөліністерінде мемлекеттің тіл және ақпараттық саясатын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, ІІМ бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқауларының нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау, олардың талаптарын бұзуды жою туралы ұсынымдар беру; 2) ІІО-да мемлекеттік тілде іс жүргізуді және оны одан әрі жетілдіруді бақылау. 6. Міндеті: өз қызмет бағыттары бойынша ІІМ-нің бөліністері мен білім беру мекемелеріне, оның аумақтық және көліктегі бөліністеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Функциялары: 1) ІІМ орталық аппаратының, оның аумақтық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өткізу және талдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|