«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды
Осы редакция 2014 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Атом энергетикасы кешенінде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Атом энергетикасы кешенінде жұмыс жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау облысаралық мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы; 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде: 14-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;»; 2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті туралы ережеде: 1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) және «Атом энергетикасы кешенінде жұмыс жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау облысаралық мемлекеттік инспекциясы», Степногор қаласы, «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясы», Атырау қаласы аумақтық органдар құқығындағы мемлекеттік мекемелері бар;» көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 1 және 2-тармақтардағы «Атом-энергетикалық кешенінде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы» және «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау мемлекеттік инспекциясы» деген сөздер тиісінше «Атом энергетикасы кешенінде жұмыс жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау облысаралық мемлекеттік инспекциясы» және «Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|