Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 10-тармақта: 52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «52) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын: «52-1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»; 53) тармақша «қызметтің» деген сөзден кейін «, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің» деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақтың 3) тармақшасы «көші-қоны» деген сөздерден кейін «, арнаулы әлеуметтік қызметтер» деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 9-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше тәртібі 309. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі - арнаулы әлеуметтік қызметтер) мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылады. 310. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу Заңға сәйкес конкурс тәсілімен, осы тарауда көзделген нормалар ескеріле отырып өткізіледі. 311. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтерді жыл басынан бастап үздіксіз көрсету үшін келесі жылға арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу бойынша конкурс ағымдағы жылы келесі жылға арналған бюджет бекітілгеннен кейін өткізіледі. 312. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлау Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 313. Конкурстық құжаттамада мынадай деректер: 1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері; 2) сатып алынатын қызметтердің тізбесі; 3) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін сапалық сипаттамасы; 4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың түпкілікті сапалы нәтиже алуға бағытталған шарттары көрсетілген техникалық айрықшалылығы; 5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі қажет адамдардың (отбасылардың) саны; 6) қызметтер көрсетілетін орны; 7) қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері; 8) төлем шарттары мен елеулі жағдайлары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы; 9) өзінің (және өзі тартатын қоса орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі; 10) жиынтығы шарт бойынша қызметтердің жалпы көлемінің 40 %-нан артығын қоса орындаушыларға беруге тыйым салу туралы ақпарат; 11) конкурсқа қатысуға берілген өтінім мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімдерінің талап етілетін қолданылу мерзімі; 12) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер солардың көмегімен түсіндіру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілетін орнын, күні мен уақытын сұрата алатын тәсілдері; 13) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттің ашылатын орны, күні мен уақыты (жұмыс күнінің жергілікті уақыт бойынша он бір сағатынан кешіктірмей); 14) конвертті ашу рәсімінің, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру сипаттамасы; 15) соның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын бағадан басқа, барлық өлшемдердің, оның ішінде осындай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәні мен шартты баға есебі әдістемесінің сипаттамасы; 16) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын қызметтерді (әр лот бойынша) сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 314. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін. 315. Конкурстық құжаттамада заңды тұлғаның құқықтық нысанына нұсқамалардың және қызметтердің жеке әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың болуына жол берілмейді. 316. Біртектес немесе бір тектес арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тектес қызметтерді конкурстық құжаттамада арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санаттары мен оларды ұсыну шарттары бойынша лоттарға бөлуге міндетті. Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ, конкурстың жеңімпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады. 317. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтінім: 1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді; 2) өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін: құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды; заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар сауда тізілімінің нотариалды куәландырылған заңды үзінді көшірмесін мемлекеттік және (немесе) орыс тіліне аудармасымен қоса ұсынуға тиіс; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін. Заңды тұлға өз қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін; лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді ұсынуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін; төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды: Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасын. Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылған күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс; тиісті салық органының салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан артық берешегінің болмауы туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) не салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегінің болуы туралы, конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылатын күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген және мөртаңбамен бекітілген, белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын; 3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) онымен қоса орындаушылардың арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды: Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін біліктілігі туралы, әлеуетті өнім берушінің және оның қоса орындаушыларының арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар көрсетілген арнаулы біліктілік және өзге де талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын мәліметтерді қамтуға тиіс. Әлеуетті өнім беруші қызметтерді қоса атқарушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың баға ұсынымына әсер етуші өлшемдер болған жағдайда, өтінімде оларды растаушы құжаттар да қамтылуға тиіс. Сондай-ақ, өтінім конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде, әлеуетті жеткізушінің қоса орындаушыға жалпы жиынтығында қызметтер көлемінің 40 %-нан артығын беруіне тыйым салу шарты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс; 4) көрсетілетін қызметтердің тізбесін (қатысатын лоттар көрсетілген), оның ішінде: қызметтердің сапалық сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар); көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштері; қызметтерді көрсету орны, жағдайы мен мерзімдері (кезеңдері); төлемнің балама шарттары (ондайлар бар болса); көрсетілетін қызметтердің шығыстар бойынша толық жазылған бағасын; 5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт заңды күшіне енген сәттен бастап, қызметтердің сапалық сипаттамасын және тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтерді қоса алғанда, олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы міндеттемені; 6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхатты қамтиды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілетінің болуын растау үшін) қамтуға тиіс. 318. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді. 319. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттер ашылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама жасайды. Конкурсты ұйымдастырушы екінші жұмыс күнінің 16 сағатынан кешіктірмей жіберу хаттамасын барлық қатысушыларға жібереді және біліктілік талаптары бойынша іріктеуден өткен қатысушыларды конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің ұсынылу және ашылу уақыты туралы (үшінші жұмыс күнгі сағат 11-ден кешіктірмей) хабардар етеді. Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ашылған күні конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі және конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылады. 320. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінім ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін және сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын бағаны ұсынған ең болмаса бір әлеуетті өнім беруші болса, конкурс өткізілді деп таниды. 321. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алудағы жеңімпазды анықтау кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алған тұлғалардың пікірі мен ұсынымдарын ескеруге құқылы. 322. Конкурсты ұйымдастырушылар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде, арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылған тізілімдерін салыстырып тексеру негізінде, орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін, қызметтерді жеткізушілерге ай сайын шығындарды өтейді. 323. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|