|
|
|
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларында: 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) өңірлік индустрияландыру картасы - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;»; «6) өңірлік үйлестіру кеңесі - жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - кеңес);»; мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын: «11) жауапты мемлекеттік орган - жобаны іске асыруға, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган; 12) келісім - жауапты мемлекеттік орган (жауапты мемлекеттік органдар) мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін көздейтін шарт; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |