«Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде: 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс. 6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық ізгілік көмек берушімен дәрілік заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, медициналық ұйымдарға арналған жабдықтардың тізбесін шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ғана беріледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|