|
|
|
«Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері
Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) серіктестік жарғысының бекітілуін; 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін. 3. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы одан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Сейсмология саласында ғылыми зерттеулер мен бақылау жүргізу, жер сілкіністерін, күшті табиғи және техногендік сейсмикалық оқиғалардың зияны мен салдарын азайтуды болжау, сейсмикалық қауіп пен тәуекелді бағалау қоғам қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |