Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесі және төлеу тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|