ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің мәртебесі мен өкілеттіктері, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (бұдан әрі – Мемлекеттік кеңесші) Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының лауазымды адамы болып табылады. 2. Мемлекеттік кеңесші өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады. 3. Мемлекеттік кеңесші қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, осы Жарлық және Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды. 4. Мемлекеттік кеңесші мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды; 2) Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес: Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның Палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда; халықаралық қарым-қатынастарда өкілдік етеді; 3) мыналарды: әлеуметтік-гуманитарлық сала: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша қызметті үйлестіреді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|