|
|
|
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісу бойынша) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының оған жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа да қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметін ақпараттық қолдау функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуіне ықпал ету болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын бекітсін; 2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы таратылсын. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін кәсіпорын теңгеріліміне берсін. 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |