«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 4) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 5) республикалық және жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 6) республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 7) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 8) республикалық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|