«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 16-тармақтағы орталық аппарат функциялары: мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын: «21-1) Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»; 26), 27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «26) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 27) Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 28) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын: «28-1) Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «29) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|