«Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларында: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Ұлттық Банк жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін бекітетін жылдың алдындағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша деректер негізінде жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады.»; мынадай мазмұндағы 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын: «17. Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген күннен бастап жүйелік маңызы бар банк активтерінің сомасы 50%-ға (елу пайызға) және одан көп мөлшерге төмендеген жағдайда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осындай өзгерісті растайтын өтінішхаты негізінде жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының бекітілген тізіміне өзгерістер енгізуге жол беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|