|
|
|
Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығының 2-тармағына, Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы (бұдан әрі – Нагоя хаттамасы) 13-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі: генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық үйлестіру орталығы; өсімдіктер дүниесінің, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган; 2) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі генетикалық ресурстарға қол жеткізу және микроағзалардың генетикалық ресурстары (штамдары) саласындағы пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган; 3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |