Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидаларын бекіту туралы
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (Қожамжаров Қ.П.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында осы бірлескен бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|