|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 115-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 19-баптың 3-тармағының 6-1) тармақшасындағы «24-бабына» деген сөздер «24-бабының 1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мыналар: 1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі; 2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.»; 3) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) алдыңғы әкімнің өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндетін басқа мемлекеттік әкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай уақытша жүктейді.»; 4) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі 1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайлайды. 2. Сол бір адам сол бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. 3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламенттеледі. 4. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады. 5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері: 1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 2) өзін ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған; 3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған; 5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда; 6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылданады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті әкімінің өкілеттігін тоқтатады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тиісті адамның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды.»; 5) 36-1-бап алып тасталсын; 6) 39-3-бапта: 3-тармақтың 4-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу;»; 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін осы баптың 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен құлағдар етіледі.». 2. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «депутаттыққа» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «мәслихаттарының депутаттығына» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «кандидаттардың» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттардың» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 36-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы «депутаттары» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 10) тармақшасы «тұрақты» деген сөзден кейін «немесе сайланған» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 19-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет. Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеруді қоспағанда, арнаулы тексеру жүргізу мерзімі үш айға дейінгі мерзімді құрайды. Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың ережелері төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімнің мемлекеттік әкімшілік лауазымына кіретін азаматтарға қолданылмайды.»; 3) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған» деген сөздер алып тасталсын; 4) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндеттерін басқа мемлекеттік әкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай уақытша жүктеу ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.»; 5) 41-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.»; 6) 44-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;»; 7) 61-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «17) мемлекеттік лауазымға тағайындалу немесе сайлану кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;»; 8) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 мамыр № 42-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |