«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: ведомстволардың функцияларында: 458) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «458) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне және 5-тармағына сәйкес күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына беру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;»; 466) тармақша алып тасталсын; 468) және 469) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «468) өзінің интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелерін жасау және оларды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жіберу; 469) өзінің интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;»; 471), 472) және 473) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|