«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару;»; 13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорлары қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыру;»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|