Осы редакция 2016 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды. 2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі - мүгедектер) (бұдан әрі - оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады. 3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) жатады. 4. Спорт мектептерінің республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болуы мүмкін. Спорт мектептерінің мәртебесі оның құрылтайшысымен анықталады және спорт мектептерінің жарғысында көрсетіледі. 5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады: 1) нормативтік талаптар - орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып, спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары; 2) тұрақты құрам - спорт мектебінің контингентіне директордың бұйрығымен қабылданған спортшылар; 3) ауыспалы құрам - оқу-жаттығу жиынына және жарыстарға шақырылатын, спорт мектептерінің штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен шұғылданатын спортшылар.
6. Спорт мектептерінің негізгі мақсаттары: 1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту; 2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|