Осы редакция 2019 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 3-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының жұмыс істеу тәртібін, мыналарға: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі - мүгедектер); 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі - қарттар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады. 3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар үйде қызмет көрсету ұйымдары (бұдан әрі - үйде қызмет көрсету ұйымы) болып танылады. 4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|