Осы редакция 2019 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.23.02. № 164 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.22.02. № 69 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 2-қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11260 тіркелген) «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлік немесе оның телнұсқасы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|