«Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларында: 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді; 3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - кеңес);»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) уәкілетті орган - индустриялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|