«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11630 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;»; 4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»; 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «10. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы: 1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|