Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.25.11. № 982 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары (2016.25.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.25.11. № 982 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды. 2. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге ұсынылады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.25.11. № 982 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері бір мүгедекке жылына алпыс сағаттан асырылмай естуі бойынша мүгедектерге ұсынылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|