Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12102 болып тіркелген): кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Тұқымдардың сақталуын бақылау тұқымдарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді қамтиды. Орама тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі және таңбасы немесе заттаңбасы болуы тиіс, онда: тұқымды өндірушінің атауы; дақыл; сорт; репродукция; сорттық тазалығының санаты; егіс стандартының сыныбы; жиналған жылы; тұқым партиясының нөмірі; сорттық тазалығы; тұқымдарды дәрілеу жағдайында - химиялық немесе биологиялық препараттың атауы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|