ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде: 4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қызметін, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.»; 5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломдары мен төсбелгілерін дайындауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.»; 12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «12. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі:»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|