«Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларды тіркеу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бағаларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қағидалар аумақтық статистика бөлімшелерінің бағалар туралы ақпаратты жинау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған.»; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қағидаларда «Мемлекеттік статистика туралы» Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:»; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|