«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық құқықтық жүйесінде жарияланған,) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі мыналарды: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес етті бағыттағы ірі қара малды; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қойларды; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қойларды; осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес құйрықты қойларды; осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларды; осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді; осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды; осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жергілікті және зауыттық жылқыларды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|