ҚР Президентінің 2022.11.08. № 977 Жарлығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына 3-ҚОСЫМША
Осы редакция 2024 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен тақырыбында және мәтінде «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «Абай атындағы» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже (2023.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады. ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2022.01.07. № 952 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 2-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|