«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде: 67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «67) ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындау;»; мынадай мазмұндағы 161-1) тармақшамен толықтырылсын: «161-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындау;»; 415) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «415) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;»; 502) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «502) одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды тану тәртібін айқындау;»; 591) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «591) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;»; 608) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «608) мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|