«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы, оның міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен айқындалады. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады, бұл туралы Комиссия туралы ережеде көрсетіледі. Бұл ретте, Комиссия туралы ережеде міндеттері, комиссия отырыстарының кезеңділігі, сондай-ақ жұмыс органы көзделеді. Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.»; 8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер;»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|