«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламаның нысаны; 4) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама нысаны; 5) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама нысаны болып табылады; 6) осы бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|