|
|
|
Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 4-қосымша
Биязылау жүнді қойларды бағалау бойынша нұсқаулық
1. Биязылау жүнді қойларды бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, биязылау жүнді қойларды бағалауды нақтылай түседі. 2. Биязылау жүнді қойлаарды бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Биязылау жүнді қойларды бағалауды ұйымдастыру
3. Бағалау түрлері: жекелей және класты болады. 1) жекелей бағалау - асыл тұқымды малдардың маңызды селекциялық белгілері бағаланып, арнайы журналға жазылады да асыл тұқымды малдың жеке құжаты карточкасына толтырылады. 2) класты бағалау - жеке қойлардың селекциялық белгілерін бағалау нәтижелері, олардың бітімі мен өнімділік қасиеттерін жан-жақты бағалау негізінде кластары анықталып, әр кластағы малдардың есебі алынады. 4. Барлық ауыл тұқымдық шаруашылық субъектілердң ветеринарлық-санитарлық жағдайларын ескеріп, бонитировканы бастамастан бір ай бұрын оны өткізудің календарлық жоспары жасалынады. 5. Қойларды бағалау үшін келесі заттар дайындауы тиіс: бағалау нәтижелерін жазатын журналдар; мал өлшейтін таразылар; құлаққа ен салатын қысқыштар; барлық сандары бар, татуировка салатын қысқыштар; құлаққа салынатын металл немесе пластмасса сырғалар және олардың қысқыштары; сырғаға таңба ұруға арналған, сандар мен әріптер жинағы; бонитировка кезінде қой тұратын орынды бөлуге арналған ағаш қалқандар, халаттар және басқа да бұйымдар. 6. Бағалау аяқталған соң, қабылданған нысан бойынша, өткізілген жұмыс нәтижесі туралы есеп беріледі. 7. Биязылау жүнді қой тұқымы (бұдан әрі - биязылау жүнді қой) таза тұқымды және будандар болып бөлінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |