|
|
|
Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің
1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар, қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) жүзеге асырады. 3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Еңбек кодексі), «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру қызметін регламенттейтін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және оның негізінде әзірленген білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады. 4. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері: 1) жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар біліктілігін технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру; 2) бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру; 3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады.
2. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібi
5. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидаларда және білім беру ұйымы жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кадрларды іріктеу және орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметте дербес. 6. Білім беру ұйымының оқу және тәрбие процесінің негізі ұйым жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жоспарлау және есепке алу болып табылады. 7. Білім беру ұйымдарының оқу процесі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтізбелік кестелерін ұйымдар бекітеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар оқыту кезінде олардың дара қажеттіліктерін ескере отырып жағдайлар жасалады. 8. Ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен білім алушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды құрамын білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді. 9. Білім алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және білім беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар құрамынан шығарылады. 10. Кадрлардың біліктілігін арттыру кәсіпорындармен (бірлестіктермен), ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады. 11. Ересектерге арналған қосымша білімді алған тұлғаларға белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі. 12. Мамандардың біліктілікті арттырудан өту кезеңділігін «Білім туралы» Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші белгілейді. 13. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады. 14. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 15. Ересектерге арналған қосымша білім беру жұмыс берушілер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен оқу шартына сәйкес жүзеге асырылады. Ересектерге арналған қосымша білім беру нысандарын, мазмұнын, көлемін тиісті мамандық бойынша қолданыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жұмыс беруші айқындайды. Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Білім алушыға оқу кезінде оның аталған ұйымда оқуда болу мерзімін куәландыратын анықтама беріледі. 16. Шетел мемлекеттері азаматтарының ересектерге арналған қосымша білім алу тәртібі халықаралық келісімдермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады. 17. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылуы мүмкін. Ақылы негіздегі оқу құнын білім беру ұйымы айқындайды. 18. Білім беру ұйымдарының білім алушылары: 1) білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады; 2) қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті нормативтік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ кітапханалық және ақпараттық қорды, басқа да бөлімшелер қызметтерін пайдаланады; 3) конференцияларға және ғылыми семинарларға қатысады, білім беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерін және басқа да материалдарын жариялайды. 19. Біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады. 20. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшін біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды. 21. Білім беру ұйымының қызмет етуі және дамуы үшін біліктілікті арттырудың қажеттілігін және көлемін жұмыс беруші айқындайды. 22. Еңбек шарты қызметкердің немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша оқуға арналған шартты белгіленген мерзімге дейін бұзылған жағдайда, қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмысын өтеудің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді. Жұмыс берушінің келісімінде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін. 23. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және одан босатылады. 24. Білім беру ұйымының басшысы: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) білім беру ұйымы білім алушыларының және қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 4) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 5) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 25. Білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |