ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2023 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (2022.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингісі бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды. 2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба)/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу мен қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2022.19.07. № 505 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|