«Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 63-бабының 2-тармағына және 63-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 21 қарашада № 16002 болып тіркелген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 қарашада электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген Медициналық бұйымдарды тіркеу және қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптау қағидаларына және Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімімен бекітілген Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|