|
|
|
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығына 2-қосымша
Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-15) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт көру қабілетінен толық айырылған мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді. 3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғым пайдаланылады: тифлокешен - көзі нашар көретін және көрмейтін пайдаланушылар үшін арнайы жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютер, сондай-ақ брайль пернетақталары.
2. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар
4. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны негізгі эргономиялық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды. 5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жеке талаптары мен шектеулерін ескеру қажет. 6. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер: мүгедектің соқырлығынан туындаған оның физиологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар; көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің ерекшеліктері ескеріле отырып арнайы әзірленген бедерлі қаріпті қамтамасыз ету; көру қабілетінен толық айырылған мүгедек организмінің ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс кезінде пайдаланылатын материалдар, құралдар тифлокешенді басқарудың негізгі элементтері жұмыс аймағының шегінде болады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |