Осы редакция 2016 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2014.27.10. № 738 бұйрығымен 11-3-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 11-3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Тергеу департаменті (бұдан әрі - ТД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) ішкі істер органдарында қылмыстарды тергеуді, анықтауды және ашуды қамтамасыз ететін және тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. ТД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ТД-нің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Аймақтық бақылау және алдын ала тергеуді ұйымдастыру басқармасынан; 3) Алдын ала тергеуді талдау жұмысы басқармасынан; 4) Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасынан; 5) Бақылау-әдістемелік басқармасынан; 6) Ұйымдасқан қылмыстар туралы істерді тергеу басқармасынан; 7) Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасынан; 8) Ауыр және мүліктік қылмыстарды тергеу басқармасынан; 9) Экстремизммен және есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеу басқармасынан; 10) Әскери-тергеу басқармасынан тұрады.
2. ТД-нің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған қылмыстардың жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және аймақтық бақылау. Функциялары: 1) тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін үйлестіру және бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|